- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жезқазғанда мекеме басшысы...
Жезқазғанда мекеме басшысы саяжайды сумен қамтитын құбырды ұрлаған
Жезқазған қаласында орналасқан құбырдың 13 мың метрден астамын ұрлады деген күдікпен соталды тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, мемлекеттік мекеменің бұрынғы басшысы бір топ адамдармен алдын ала сөз байласып, жалпы сомасы 288 миллион теңгеден аса мемлекет мүлкін ұрлағаны анықталған.
Ұрлық дерегін анықтау кезінде лауазымды тұлға бұл нысанның мемлекеттік органның балансында жоқтығы туралы жалған анықтамалар беріп, тергеуді қасақана жаңылыстырған.
Бұл құбыр Жезқазған қаласының әуежайы маңында орналасқан саяжай учаскелерін сумен қамтамасыз етуге арналған.
Айта кетейік, қазір бұл адам коммуналдық кәсіпорынның қызметкері емес.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова