- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жезқазғанда көлік жүргізушісі...
Жезқазғанда көлік жүргізушісі мопед мінген жасөспірімді қағып кетті
Жезқазғанда көлік жүргізушісі мопед мінген жасөспірімді қағып кетті. Бала түрлі жарақат алып, ауруханаға жатқызылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 2-мамырда кешке қарай Абай көшесінде орналасқан үйдің жанында болған.
23 жастағы автокөлік жүргізушісі мопед мінген 15 жастағы жасөспіріммен соқтығысқаны анықталды.
ҚР Қылмыстық кодексі 345-бабының 2-бөлігі бойынша ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы және абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекет") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Полиция қызметкерлері жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін және қауіпсіз қашықтықты қатаң сақтау керек екенін еске салды, сонымен бірге ата-аналарға балаларына мопедтер мен жеңіл мотоциклдерді сеніп тапсырар алдында олардың санаттары мен рұқсат түрлерін назарға алу қажет екенін ескертті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан