- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жезқазғанда ер адам...
Жезқазғанда ер адам әйелімен жанжалдасып, көшеге жалаңаш шығып кеткен
Жезқазғанда ер адам бірге тұратын әйелімен жанжалдасып, көшеге жалаңаш шыққан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
4 қаңтарда қалалық полицияның ЖБО операторлары Момышұлы көшесі бойында жалаңаш жүрген ер адамды анықтаған.
Патрульдік полиция қызметкерлері 39 жастағы ер адамды ұстады. Құқық бұзушы бірге тұратын әйелімен өзара жанжалдан кейін көшеге жалаңаш шыққанын түсіндірді.
Құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-тің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина