Ұлытау облысында ұзақ уақыт игерілмей, мақсатына сай пайдаланылмаған жерлер мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жезқазған қаласының прокурорлары жалпы ауданы 4 гектарды құрайтын 54 жер телімін мемлекетке қайтарды.
Егер құрылысқа арналған жер учаскесi оны беру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жыл (егер жобалау-сметалық құжаттамада анағұрлым ұзақ мерзім көзделмесе) ішінде мақсаты бойынша пайдаланылмаған жағдайда Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке тұрғын үй құрылысы үшін жеке меншігіндегі жер учаскесін қоспағанда, жер учаскесі мәжбүрлеп алып қоюға жатады.
Жер учаскелерінің кадастрлық құны 86,5 млн теңгеден асады.
Прокуратураның қадағалау актісіне сәйкес уәкілетті орган жерді мемлекетке қайтарды, кінәлілер жауапқа тартылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!