- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жезқазғанда адам өлтіруге...
Жезқазғанда адам өлтіруге оқталғаны үшін үш жылдан бері іздеуде жүрген күдіктілер ұсталды
Ұлытау облысының полицейлері адам өлтіруге оқталғаны үшін үш жыл іздеуде жүрген күдіктілерді ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұлытау облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Жамбыл облысындағы әріптестерімен бірлесіп Жезқазған қаласының тумалары 31 және 35 жастағы екі ер адамды ұстады.
"Ұсталғандар 2020 жылы маусымда Қарағандыда екі адамды өлтірмекші болған. Тұрғын үй кешендерінің бірінің автотұрағында күдіктілер жәбірленушілермен жанжалдасып, сол кезде олар бірнеше оқ атып, қашып кеткен. Оқ жарақатынан зардап шеккендер медициналық мекемеге жеткізілген. Күдіктілерге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деді облыстық полиция департаменті бастығы Қайыркен Әлиев.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан