Қайрат Шайжанов төрт жылдық қызметінен кейін Жезқазған әкімі лауазымынан кететінін мәлімдеді. Ол бұл шешімі туралы Instagram парақшасында жарияланған үндеуінде айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әкім төрт жыл бойы қала тұрғындарымен бірге Жезқазғанды дамыту және түрлі мәселені шешу жолында еңбек еткенін жеткізді.
"Бұл кезең мен үшін үлкен жауапкершілік қана емес, баға жетпес өмірлік, кәсіби тәжірибе сыйлаған маңызды мектеп болды", - деп жазылған жазбада.
Ол 1977 жылы Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы бастаған. Әр жылдары бизнес саласында және түрлі мемлекеттік қызметте еңбек еткен.
2009-2013 жылдары Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.
2015-2018 жылдары Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімі лауазымын атқарды.
2022 жылғы 28 маусымда Жезқазған қаласының әкімі болып тағайындалған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!