• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Жетісулық тұрғын 5 жылдан бері алимент қарызын әдейі төлемей жүрген

Жетісулық тұрғын 5 жылдан бері алимент қарызын әдейі төлемей жүрген
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Жетісу прокуратурасы алимент төлемеген борышкерлерді қылмыстық жауаптылыққа тартуды талап етіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сондай тексеріс барысында Алакөл ауданының борышкері 5 жылдан астам уақыт бойы өз міндеттемелерін орындаудан әдейі жалтарып, жалпы қарызы 2,6 миллион теңгеге жеткені анықталды.

Борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылғанымен, бұл шаралар тиімді нәтиже бермеген.

Сондықтан прокурорлар ҚР ҚК-нің 139-бабына сәйкес балалар мен басқа да мүгедек отбасы мүшелерін асырау үшін қаражат төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындамау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Сот оны кінәлі деп тауып, бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Сот үкімі күшіне енді.  

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина
Logotype Massaget