Жетісудағы гарнизонда әскери қызметші көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Десанттық-шабуылдау әскерінің баспасөз қызметі мәліметінше, бүгін жауынгерлік дайындық бойынша сабақтарды өткізу барысында мерзімді қызметтегі әскери қызметші қаруды қолдану кезінде қауіпсіздік ережелері сақталмауына байланысты оқ жарақатын алып, қайтыс болған.
"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Лауазымды тұлғалар тарапынан қандай да бір кемшілік анықталса, кінәлілер қатаң жауапкершілікке тартылады. Бұл оқиға қорғаныс министрінің ерекше бақылауына алынды", - деп жазылған мәліметте.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында 19 жастағы мерзімді сарбаз өлі табылды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова