- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жетісуда жер сілкінді
Жетісуда түнде жер сілкінді
Сейсмологтар түнде Жетісу өңірінде жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жер сілкінісін ҚР ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2024 жылғы 5 қарашада Астана уақыты бойынша 22:58-де тіркеді.
"Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 388 шақырым жерде орналасқан", - делінген хабарламада.
Қазақстан аумағында жерасты дүмпулері сезілмегені атап өтілді.
Еске салайық, кеше алматылықтар жер сілкінісін сезді. ҚР ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 5 қараша Астана уақыты бойынша 10.00-де жер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан шығысқа қарай 33 шақырым жерде орналасқан.
Есептік қарқындылығы:
- Алматы 3 балл
- Талғар 4 балл
- Есік 4 балл
- Түрген 3 балл
- Өтеген батыр 3 балл
- Боралдай 2 балл
- Маловодное 2 балл
- Ж.Қайыпов 2 балл
- Алатау (Жетіген) 2 балл
- Қарасай (Қаскелең) 2 балл
Бұған дейін Алматыда ірі жер сілкінісі қашан болды?
Алматы тұрғындары 2024 жылдың 23 қаңтарында жер сілкінісін сезді. Түн ішінде болған дүмпу халықтың үрейін ұшырып, біраз уақытқа дейін қорқыныш қалып қойды.
Көктем басталысымен, 2024 жылы 4 наурызда қалада тағы бір жер сілкінісі тіркелді. Бұл да қала тұрғындары мен қонақтарын үрейлендірді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек