Жетісу облысында Көксу өзенінен арқан арқылы өтпек болғанда суға құлап, өзенге ағып кеткен әскери қызметкердің денесі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Жетісу облысы ТЖД мәлімдеді.
"Жетісу облысы ТЖД жедел құтқару жасағының құтқарушылары 15 мамырда Жетісу облысы Кербұлақ ауданында, оқиға орнынан 15 шақырым жерде ер адамның денесін тауып, судан алып шықты. Тапқан кезде үстінде жартылай киімі болған. Денесі полиция қызметкерлеріне тапсырылды, сот-медициналық сараптама тағайындалды", – деді Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі өкілі.
Еске салайық, 10 мамырда сағат 15:15 шамасында Жетісу облысындағы Көксу ауылы маңында 1989 жылы туған азаматты іздестіру жұмыстары басталды. Ол шамамен сағат 14:00-де темір арқан арқылы өзеннің үстінен өтпек болған кезінде суға құлап, оны ағыс алып кеткен.
Өзеннен өтпек болған ер адам әскери қызметкер болып шықты. Бұл ақпаратты гвардиялық гарнизонның баспасөз қызметі растады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова