• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Жетісуда қар құрсауында қалғандар құтқарылды

Фото: Видео кадры

ТЖМ құтқарушылары қар құрсауында қалған адамдарға көмектесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін Жетісу облысы Алакөл ауданында салонында екі адамы бар эвакуатор қар құрсауында қалып қойғаны туралы хабарлама түскен. Көмек көрсету үшін құтқарушылар "Трэкол" атты жол талғамайтын көлікпен дереу көмекке ұмтылған.

Құтқарушылар кептеліп қалған көлікті Үшарал - Достық тасжолында тауып, ер кісі мен әйел адамды жақын елді мекенге жеткізген.

"Оларға медициналық көмек қажет емес еді. Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласыңыз!" - деп жазылған хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget