Жетісуда 28 тамызда мал бағуға шыққан қария кешке үйіне қайтып оралмаған. Жақындары алаңдап, бірден полицияға жүгінген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Зейнеткерді іздеуге барлық күш жұмылдырылды. Панфилов аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары және бейжай қарамайтын еріктілер іздестіру жұмысына қосылды.
"Біраз уақыттан кейін қарт ер адам Сарыбел ауылынан шамамен 15 шақырым жердегі таулы аумақтан табылды. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ. Осылайша полиция қызметкерлерінің көмегімен қария отбасымен қайта қауышты", - делінген хабарламада.
Полиция қарт кісілерге және денсаулығында шектеуі бар жандарға ерекше назар аударуға шақырады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек