Жетісуда жасөспірімдер жасанды интеллект арқылы жалған чек жасап, сатушыны алдап жүрген

Жетісуда жасөспірімдер жасанды интеллект арқылы жалған чек жасап, сатушыны алдап жүрген
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Жетісу облысында жасанды интеллект арқылы жалған чек жасаған жасөспірімдер әшкереленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кәмелетке толмаған үш жасөспірім жалған банк чектерін жасау үшін жасанды интеллект пайдаланып, сатушыларды жаңылыстырып, тауарларды бірнеше рет жымқырғаны анықталды.

"Бұл дерекке қатысты алдын ала сөз байласу арқылы бірнеше рет жасалған алаяқтық белгілері бойынша соталды тергеп-тексеру басталды", - деп жазылған хабарламада.

Жетісу облысының прокуратурасы кәсіпкерлер мен азаматтарды сақтықты күшейтуге шақырды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget