- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жетісуда балаларына 60...
Жетісуда балаларына 60 миллион теңге алимент төлемегендер құмар ойынға 150 миллион теңге жұмсаған
Жетісу прокурорлары ойын құмар, оған қоса балаларына миллиондаған теңге қарыз алимент төлемейтіндерді анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жетісу өңірінде 50 адам үнемі құмар ойынын ойнап (интернет казинолар, букмекерлік кеңселер) 150 миллион теңгеден аса қаржы жұмсаған, ал олар балаларына 60 миллион теңге алимент қарыз болған.
"Талдықорғанда жарты миллион теңге алимент бойынша берешегі бар борышкер Д. онлайн букмекерлік кеңседегі есепшотын 52 миллион теңгеге толтырған. Прокурорлардың жүргізген талдауы бойынша Әділет департаментіне борышкерлерге қатысты шара қолдану туралы ұсыныс берілді", - деп жазылған хабарламада.
Жыл басынан бері Жетісу облысының прокурорлары 87 баланың берешек алименті бойынша 63 миллион теңге қарыздың орнын толтырды.
Алимент төлемген 144 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды (116 адам қамауға алынды және 28-іне айыппұл салынды).
"Алимент төлемеген 9 адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 139-бабы (балаларды асырауға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова