- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жол апаты
Жетісу облысының тұрғыны төрт адамды қағып, қашып кеткен
Жетісу облысында төрт адамды қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
14 қарашада анықталмаған жүргізуші Есік қаласы Алтын Адам аллеясы көшесімен келе жатып, төрт жаяу жүргіншіні қағып, кейін жол апаты болған оқиға орнынан қашып кетті.
Жол апаты салдарынан 16 жастағы қыз аудандық ауруханаға жатқызылды. 15 қараша күні таңертең ол алған жарақаттарынан қайтыс болды.
Жол апаты дерегі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде BMW-320I автокөлігін басқарған 18 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Өңір полициясы жол қауіпсіздігі талаптарын бұзбауға және ҚР Жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина