• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Жетісу облысының тұрғындары жер сілкінісін сезді

Жетісу облысының тұрғындары жер сілкінісін сезді
Фото: depositphotos.com

Қазақстандық сейсмологтар еліміздің оңтүстігінде 11 наурызға қараған түні жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 11 наурызда Астана уақытымен сағат 01.26-да жер сілкінісін тіркеді.

"Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан мен Қытай шекарасында орналасқан", - деп жазылған хабарламада.

Жетісу облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласында 2 балл болып сезілген.

ТЖМ мәліметінше, зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түспеген.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget