Жетісу облысы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті облыстық департаменті басшысының заңсыз қызметінің жолын кесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Антикор мәліметінше, шенеунік медициналық қызмет көрсету және тиісті лицензия беру жөніндегі қызметін жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алды деп күдіктенеді.
Соталды тергеу жалғасып жатыр.
"Департамент басшысы мен пара берушілерге қатысты қорытынды шешімді сот қабылдайды", - делінген хабарламада.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз