Жетісу облысының әкімі қызметкері неге мейрамхана "ашқанын" түсіндірді

Жетісу облысының әкімі қызметкері неге мейрамхана "ашқанын" түсіндірді
Фото: instagram.com/taldyqorgan_akimdigi

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл неге мейрамхананың ашылу салтанатына қатысқанын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Орталық коммуникация қызметінде Бейбіт Исабаевқа "Талдықорғанда қала әкімі мейрамхана "ашыпты". Неге сіздің қызметкеріңіз ондай әрекетке барды? Егер сізде таңдау болса, мейрамхана немесе зауыт ашасыз ба?" деген сұрақ қойылды.

Облыс әкімі бұл мәселеден хабары барын жеткізді.

"Біріншіден, өңірде зауыт ашуға қарсы емеспін. Екіншіден, оның (Ернат Бәзіл - еск.) әкім болып қызмет атқарып жүргеніне 3 ай болды. Ол - жақсы маман. Мен оның неге жеке мейрамхананың ашылуына барғанын сұрадым. Ол - жергілікті кәсіпкер, өңірге 500 миллион теңге құйған. Ол (Ернат Бәзіл - еск.) жергілікті кәсіпкерлерді қолдауға міндетті болғанын айтты. Мен оған мұндай жағдай келесі жолы болса, жақсылап ойлануға кеңес бердім", - деді Бейбіт Исабаев.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде Талдықорғанда қала әкімі Ернат Бәзіл мейрамхана "ашты" деген ақпарат жарияланған болатын. Желі қолданушылары мейрамхананың "ашылуын" қызу талқылаған болатын.

Аяз Есен

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz