- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жетісу облысындағы тасжолда...
Жетісу облысындағы тасжолда көлік аударылып кетті: бір адам ажал құшты
Жетісу облысының Алакөл ауданында Мазда-626 көлігі аударылып, салдарынан бір адам ажал құшты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Шетелдік көліктің рөлінде 22 жастағы әскери қызметкер болған, ол Алматы – Өскемен тас жолының 550-шақырымында рөлге ие бола алмай, аударылып кеткен.
Жүргізуші мен оның 22 жастағы жолаушысы оқиға орнынан ауруханаға жеткізілді. Біраз уақыттан кейін жарақат алғандардың бірі жансақтау бөлімінде көз жұмды.
Жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан