Жетісу облысында жол апаты болды. Оқиға салдарынан екі адам қаза тапты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полицияның мәліметінше, Алматы-Өскемен тасжолымен жүріп бара жатқан Toyota Estimа көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған, салдарынан көлік аударылып кеткен. Жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында көз жұмды.
"Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтамыз. Құрметті жүргізушілер, сіздерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз", – деп хабарлады полиция қызметі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!