• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Жетісу облысындағы оқу-жаттығуда 18 жастағы жауынгер қаза тапты

Жетісу облысындағы оқу-жаттығуда 18 жастағы жауынгер қаза тапты
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Әскерде тағы бір сарбаз көз жұмды. Жетісу облысында оқу-жаттығу кезінде 18 жастағы қатардағы жауынгер оқ жарақатынан қаза болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Ведомство қайғылы оқиғаның 14 қаңтар күні Сарыөзек гарнизонындағы 12740 әскери бөлімінің даладағы оқу-жаттығу кезінде болғанын растап отыр.

Баспасөз хабарламасында жауынгер қарумен жұмыс істеу кезінде ереже бұзғаны айтылған. 18 жастағы Дастанның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр.

Онда құрлық әскерлерінің бас қолбасшысымен бірге арнайы комиссия құрылған. Командирлері марқұмның қызметін тиянақты атқарғанын, қаруластарының ортасында абыройлы болғанын айтып отыр.

"Ата-анасы мен туған-туысқандардың қайғысын, әрине, жақсы түсінеміз, қайғысына ортақпыз. Әр командирге жауынгердің қазасы -  қайғы. Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы әскери қызметшінің отбасы мен жақындарына көңіл айтады. Оларға барлық қажет көмек көрсетіледі", - деп хабарлады ҚР Құрлық әскерлері баспасөз қызметі.

Еске салайық, 2024 жылғы қарашада Ақтөбедегі әскери бөлімдердің бірінде сарбаз өзін-өзі атып өлтірген еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лес
Logotype Massaget