Жетісу облысындағы қираған жол: жауапты басшы жазаланды

Жетісу облысындағы қираған жол: жауапты басшы жазаланды
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Жетісу облысының прокурорлары қираған жолды қалпына келтіріп, кінәлі лауазымды адамды жазалады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 
 
Сот үкімімен Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы басшысы қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін сотталды.

2023 жылы еріген су шайып кеткен, Кербұлақ ауданы Малайсары бекетіне апаратын жол қоғамда наразылық тудырған болатын.

"Прокурорлық тексеру барысында аумақта жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде өрескел заңбұзушылықтар анықталды. Осыдан кейін арнайы прокурорлар Қылмыстық кодекстің 361-бабының 4-бөлігі, 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Тергеу жұмыстары жобалық-сметалық құжаттама жасалмағанын және сараптама жүргізілмегенін анықтады", - деп жазылған хабарламада.

Соның салдарынан су бұрудың сыйымдылық қуаты есептелмеген, жұмыс сапасы қамтамасыз етілмей, жолдың бұзылуына әкеп соққан.

Мемлекетке келтірілген шығын 22 миллион теңгеден асады.

Өз кінәсін мойындаған бұрынғы басшы залалды толық өтеген.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова