- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жетісу облысындағы аулаларды...
Жетісу облысындағы аулаларды жөндеу кезінде қаражат тиімсіз пайдаланылған
Еріктілер Жетісу облысындағы аулаларды жөндеу кезінде қаражаттың тиімсіз пайдаланылғанын анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
4 тамызда "заң консультанттары палатасының" волонтер-заңгері Мейрембаеваның өтініші бойынша департамент басшылығы ЖАО-мен бірлесіп "Самал" шағын ауданына баруды жүзеге асырды.
Волонтердің ақпараты бойынша жөндеуді жүзеге асыру кезінде сметада белгіленген жұмыс көлемі орындалмайды (барлық жиектерді ауыстыру жүзеге асырылмаған, жолдың асфальтпен жабылуы ішінара орындалған және т.б.). Сондай-ақ, смета бойынша аулалардың біріне 10 миллион теңге көлемінде қаражат салынғаны, ал аумағы 3-4 есе аз көрші ауланы жөндеуге 12 миллион теңге қарастырылғаны атап өтілді.
Кездесу қорытындысы бойынша, тапсырыс беруші мен мердігер ұйым аталған кемшіліктерді жоюға, ал смета бойынша пайдаланылмаған бір аула қаражатының көлемін көршілес ұқсас аулаларды жөндеу шығындарына қосуға міндеттенді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина