- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жетісу облысында ұсталған...
Жетісу облысында ұсталған мас жүргізушіге қатысты сот шешімі шықты
Жетісу облысында ұсталған мас жүргізушіге қатысты сот шешімі шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өткен тәулікте, жолдарда тәртіп бұзушыларды анықтау бойынша рейд жүргізу барысында полиция мас күйіндегі жүргізушіні ұстады. 43 жастағы ер адам Mercedes-Benz көлігін басқарған. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оның жағдайын жедел анықтап, орнында ұстады.
Құқық бұзушылық фактісі бойынша хаттама жасалып, әкімшілік іс жүргізу басталды. Іс материалдары сотқа жіберілді, сот қатаң үкім шығарды: тәртіп бұзушы 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды, сонымен қатар 7 жылға дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
Ұсталған адамның көлігі арнайы автотұраққа қойылды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан