"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы Жетісу облысында көлік қозғалысы шектелгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Компанияның мәліметінше, бұған ауа райының қолайсыздығы себеп болған.
"2024 жылғы 24 қарашада сағат 15:30-да Жетісу облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты Үшарал-Достық автожолының 84-164 шақырым аралығында (Көктұма стансасынан Достық ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады", - делінген хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!