Алматы - Өскемен тасжолының 474-шақырымында бірнеше көлік соқтығысқан. Оқиға орнында жедел жәрдем мен полиция жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алакөл ауданында болған жол апаты орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарап жатыр.
Кадрларда жедел жәрдем, патруль көлігі және қатты зақымданған бірнеше автокөлік көрінеді.
Жазба авторының айтуынша, апат Көлбай ауылының маңында болған.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Өңірлік полиция департаменті жол апаты туралы ақпаратты растап, Алакөл ауданында Kia Sportage, Toyota Highlander және Lexus маркалы үш көлік соқтығысқанын айтты.
"26 шілдеде Алматы – Өскемен тасжолының 474-шақырымында болған жол апаты дерегі бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, Kia Sportage автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, Toyota Highlander көлігімен соқтығысқан, содан кейін сол бағытта келе жатқан Lexus автокөлігіне соғылған. Зардап шеккендердің саны нақтыланып жатыр, медицина қызметкерлері қажеткөмек көрсетіп жатыр", - деп түсіндірді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Tengrinews.kz тілшісі зардап шеккендердің саны мен жағдайын білу үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасына сауал жолдады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz