Жетісу облысында ТЖМ құтқарушылары тұрғын үйді өрттен қорғап қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға, 8 желтоқсан күні, Үштөбе қаласы Даулетяров көшесі бойындағы жеке тұрғын үйде болған. Құтқарушылар өртті толығымен сөндірген.
"Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт аз алаңда сөндірілді. Өртсөндірушілер үйден газ баллонын қауіпсіз жерге шығарды", - деп қосты ТЖМ.
Зардап шеккендердің жоқ екені айтылды.
Еске салайық, бұған дейін Ақмола облысында жеке тұрғын үй өртеніп кеткенін жазған едік.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!