Жетісу облысында туған анасы аяусыз ұрған баланың жағдайы белгілі болды

Жетісу облысында туған анасы аяусыз ұрған баланың жағдайы белгілі болды
Фото: Видео кадры

Жетісу облысы Нұркент ауылында баласын аяусыз ұрды деп айыпталған әйелдің екі баласы қазір Талдықорғанда, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

4 және 2 жастағы ұлдар қазір облыс орталығындағы балаларға арналған мекемелердің бірінде. Бұл туралы Жетісу облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл Ермек Егiнбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазір екі бала да қауіпсіз жерде.

"Балалар қазір Талдықорғанда, қауіпсіз жағдайда. Оларға күтім жасалып жатыр: тамағы, ойыншықтары бар. Бүгін өзім барып, екі баламен де кездестім. Жағдайлары жақсы. Оларға тәрбиешілер мен дәрігерлер, соның ішінде логопед пен психолог та тұрақты түрде бақылау жүргізіп отыр. Балалардың әрі қарайғы тағдыры шешіліп жатыр, бұл мәселе қатаң бақылауда", - деді Ермек Егiнбаев.

Еске салайық, бұған дейін жағаұстатар жағдайға Жетісу облысы Полиция департаменті өкілі пікір білдірді. Тексеріс барысында 28 жастағы әйел кәмелетке толмаған баласына дене жарақатын салғаны анықталған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Massaget.kz жаңалықтар сайты (@massaget.kz)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget