- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жетісу облысында трактор...
Жетісу облысында трактор пойызға соғылып, бір адам мерт болды
Фото:
Жетісу облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Жол апаты Қаратал ауданында болған, Қанабек ауылындағы теміржол өткелінде тауар пойызы тракторды қағып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға орнынан аудандық ауруханаға зардап шеккен екі адам жеткізілді, олардың бірі 41 жастағы ер кісі дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан, қайтыс болды. Ал 18 жастағы жігіт медициналық тексеруден өтіп жатыр. Екеуі де трактор салонында болған.
ЖКО орнында полиция қызметкерлері жұмысын жалғастырып жатыр. Дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабында көзделген сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан