Жетісу облысында төрт адам TikTok-тағы тікелей эфир арқылы заңсыз 95 млн теңге тапқан

Жетісу облысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар әшкере болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жайы

Құмар ойындарын ұйымдастырған төрт адамның заңсыз қызметі тоқтатылған. Соталды тергеп-тексеру барысында облыстың төрт тұрғыны TikTok желісіндегі тікелей эфирлерде заңсыз карта ойындарын ұйымдастырғаны анықталған.

Құқыққа қайшы әрекет нәтижесінде олар 95 млн теңге көлемінде заңсыз табыс тапқан.

Сот үкімі

ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелген. Сот үкімімен олар кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!