Жетісу облысында тепловоз машинистері 16 миллион теңгенің жанармайын ұрлаған

Жетісу облысында тепловоз машинистері 16 миллион теңгенің жанармайын ұрлағаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қазақстан теміржолы" баспасөз қызметінің мәліметінше, компания қызметкерлері Бескөл депосындағы машинистердің жұмысын мониторингтеу кезінде отынның артық жұмсалғанын анықтаған.

"Тергеу материалдары Көліктегі полиция департаментіне жіберілді. Қылмыстық топты көлік прокуратурасы мен ҚТЖ-ның қатысуымен полиция қызметкерлері анықтап, ұстады", - деп хабарлады тасымалдаушы.

Тергеу барысында күдіктілер келтірілген шығынның орнын толтырды. Оларға әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!