- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жетісу облысында тариф...
Жетісу облысында тариф бағасын өз бетінше қойып алғандар анықталды
Жетісу облысында коммуналдық қалдықтарды шығарудың тариф бағасын өз бетінше қойып алғандар анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Табиғатты қорғау прокуратурасының шараларымен облыстың 5 ауданында (Панфилов, Қаратал, Ақсу, Сарқан аудандары және Текелі қаласы) коммуналдық қалдықтарды шығарудың тарифтері төмендетілген.
Прокурорлар уәкілетті органдардың үш жылдан астам уақыт бойы мәслихатқа оларды бекіту үшін тарифтер ұсынбағанын анықтады. Қызмет көрсететін компаниялар тарифті өз бетінше белгілеп, оның сомасын 1 м3 1500 теңгеден 5000 теңгеге дейін қойған.
Қадағалау актісі бойынша бұл аудандардың тұрғындары үшін жаңа тарифтер бекітілді, бұл қызмет ақысын 2 есеге, ал кейбір жағдайларда 10 есеге төмендетуге мүмкіндік берді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина