Жетісу облысында тағы да жер сілкінді

Жетісу облысында тағы да жер сілкінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ТЖМ сейсмикалық станциялар желісі 31 наурызда сағат 13:23-те жер сілкінісін тіркеген.

"Эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 267 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан. Тереңдігі - 10 шақырым", - деп жазылған хабарламада.

Жер сілкінісі Жетісу облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласында 2 балл болып сезілген. Халықтан 112 нөміріне қоңырау түспеген.

Еске салайық, бүгін сағат 11:11-де де жер сілкінісі тіркелді. Ол кезде де жер асты дүмпуі 2 балл болып сезілген еді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!