Талдықорғанда арнайы комиссияның тексеруінен кейін 14 пәтер мемлекет меншігіне қайтарылды, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі.
Талдықорған қаласы әкімдігінің мәліметінше, қалада бір кездері заңсыз берілген 1000-нан астам пәтер мен тұрғын үй тексерілмек.
"Алдағы уақытта барлық қайтарылған пәтерлер қолданыстағы заңнама аясында, қаламыздың кезекте тұрған азаматтарына бөлінеді. Сонымен қатар, бұрын анықталған бұзушылықтар бойынша 14 пәтер қайтарылып, кезекте тұрғандарға үлестірілгенін хабарлаймыз. Олардың кейбіреулері көшіп кеткен, бірақ пәтерлер олардың атына тіркеліп, бос тұрған. Ал кейбіреулерінде туыстары тұрды", - деп хабарлады Талдықорған әкімінің баспасөз хатшысы Мәди Шәкенов.
Өз кезегінде ол тәркіленген пәтерлер бұрынғы шенеуніктерге тиесілі екенін растады.