- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жетісу облысында шенеунік...
Жетісу облысында шенеунік мүгедектігі бар адамдарды пайдаланып, бизнес жасаған
Антикор бюджет қаражатын халықтың әлеуметтік осал топтарына бөлу кезінде де жемқорлық фактілерінің алдын алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Агенттіктің Жетісу облысы бойынша департаменті Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Жетісу облысы бойынша департаментінің бөлім басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Ол мүгедектікті ұзартқаны және тағайындағаны үшін 2 және 3-санаттағы мүгедектерден делдалдар арқылы жүйелі негізде 20-дан 25 мың теңгеге дейін пара алды деген күдікке ілінді.
Кінәсін толық мойындауына байланысты Сот күдіктіге қатысты "электрондық білезікті" қолдану арқылы "үйқамақ" бұлтартпау шарасына санкциялады. Тергеу жалғасып жатыр.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан