Жетісу облысында республикалық маңызы бар бір жол жабылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол"-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"24 қаңтар сағат 18:00-дегі ахуалға сәйкес, ауа райының қолайсыздығына байланысты Жетісу облысының "Үшарал-Достық" республикалық маңызы бар автожолының 84-184-шақырымы, Көктұма станциясынан-Достық станциясына дейінгі аралықта көліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді", - делінген хабарламада.
Республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 706 бірлік техника және 1 412 жолшы жұмылдырылды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз