Жетісу облысында полиция ірі мөлшерде есірткі сақтаған күдіктіні құрықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде облыстық прокуратураның үйлестіруімен облыстық полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтады деген күдікпен 49 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.
Күдіктінің тұрғылықты жері бойынша тінту іс-шараларын жүргізу кезінде құқық қорғау органдары есірткі заттарының едәуір мөлшері алынды.
Сонымен қатар, өсірілген қарасора бұталары тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, кептірілген марихуананың жалпы салмағы 3 келі, кептірілмегені - бір келіден асады. Белгілі болғандай, ұсталған адам радикалды діни идеологияның жақтаушысы болып табылады. Қазіргі уақытта ер адам қамауға алынды, тергеу әрекеттері жалғасуда.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!