- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жетісу облысында полиция...
Жетісу облысында полиция бірқатар алаяқтыққа қатысы бар әйелді анықтады
Жетісу облысы Текелі қаласының полицейлері бірқатар алаяқтық жасағаны үшін күдікке ілінген жергілікті тұрғынды ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Әйел өзін банк қызметкері ретінде таныстырды. Азаматтардың сеніміне кіре отырып, ол ауылшаруашылығын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша несие және өтеусіз мемлекеттік субсидия алуға өз көмегін ұсынған. Қазіргі уақытта, алаяқтың 13 құрбаны анықталды, жалпы шығын 5 миллионға жуық теңгені құрады", - деді Текелі ҚПБ бастығының орынбасары Ернар Таңатаров.
Текелі қаласындағы бірқатар алаяқтық туралы іс сотқа жолданды. Күдікті қамауға алынды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан