- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жетісу облысында полицейлер...
Жетісу облысында полицейлер мас жүргізуші басқарған көлікті тоқтатуға мәжбүр болды
Жетісу облысында патрульдік полицейлер мас жүргізуші басқарған көлікті тоқтатуға мәжбүр болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл дерек Текелі қаласында тіркелді. 3 маусымда облыстық батальонның патрульшілері Mitsubishi Delica автокөлігін ұстады. Жапондық шетелдік көлікті мас күйінде 24 жастағы ер адам басқарған.
Көлік жүргізушісі тоқтау талабына бағынбай, үлкен жылдамдықпен жасырынуға тырысты. Полицейлер ауыр зардаптарға жол бермеу үшін қару-жарақ қолданып, табельдік Макаров тапаншасынан оқ атып, құқық бұзушыны тоқтатуға мәжбүр етті.
Ұсталған адам мас күйінде автокөлікті басқарғаны үшін, сондай-ақ құқық қорғау органдарының заңды талабына бағынбағаны үшін жауапқа тартылады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина