Жетісу облысында полиция қызметкеріне шабуыл жасаған ер адамға сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қаратал ауданы Үштөбе қаласының тұрғыны билік өкіліне күш қолданған. Учаскелік инспектор 102 пультіне түскен шақырту бойынша оқиға орнына барған. Алайда ер адам заң талаптарын орындаудың орнына агрессия танытып, полиция қызметкерінің бетінен ұрып, қызметтік бейнежетонын жұлып алған, погонын зақымдаған.
Мемлекеттік айыптаушы айыпталушының кінәсін дәлелдейтін жеткілікті айғақтар ұсынған. Сот тұрғынға 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сондай-ақ, ол мәжбүрлі еңбекке тартылып, одан мемлекетке келтірілген материалдық шығын толық көлемде өндірілді.
Үкім заңды күшіне енді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!