- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жетісу облысында оқушы...
Жетісу облысында оқушы қызды зорлап, өлтіргеннен кейін ауылда қауіпсіздік шарасы күшейтілді
Жетісу облысы Панфилов ауданы Шолақай ауылында кәмелетке толмаған қызды зорлап, өлтіргеннен кейін ауылға арнайы жасақ тартылып, қауіпсіздік шарасы күшейтілді. Өйткені тәртіп сақшылары жәбірленуші тарап қылмыскерден өз еріктерімен кек ала ма деп қауіптеніп отыр. Бұл туралы Instagram-да белгілі журналист Сандуғаш Дүйсенова жазды, - деп хабарлайды Мassaget.kz.
Еске салайық, 15 жастағы қызға 21 шілдеден бастап іздеу салынған еді. Ол құрбысының үйіне кетіп, сол бойы оралмаған. Жетісу облысының полицейлері қызды іздеуге келесі күні кіріскен. Оларға жапа шегушінің ауылдастары да қосылады. Бір апта өткеннен кейін ол ауыл төңірегінен табылады. Қызды зорлаған, өлтірген, ал денесін өртеп жіберген. Қылмыс жасады деген күдікпен сол ауылдың тұрғыны ұсталды.
"5-6 жыл көлемінде ол кәмелет жасқа толмаған қызды зорлаған. Бірақ қылмыскер түрмеден тәртібі жақсы болғаны үшін мерзімінен бұрын босатылған. Шыққан соң ескі әдеті бойынша қыз зорлайды. Жазадан қашу үшін оған үйленген", - дейді қыздың әпкесі Кәмшат Көпбаева.
Оның айтуынша, ауылдастары қызды іздеп жатқан кезде қылмыскер қаннен-қаперсіз оның денесін сыртқа шығарып тастап жүрген.
"Қылмыскер жедел тергеу жолымен анықталды. Егер тәртіп сақшылары қыздың телефонына түскен қоңырауларды айғаққа тартпаса, ол кінәсін ешқашан мойындамас еді. Тығырыққа тірелген ол бар кінәсін мойындады. Қылмыскер өз құрбанын зорлап, кейін қылмыс ізін жасыру үшін қыздың денесіне бірнеше рет пышақ салғанын мойындады. Оның өлгеніне көзі жеткен соң денесін өртеп жіберген. Қанішер оны көмген жерді де көрсетті. Ауыл шетіне көмген", - дейді Сандуғаш Дүйсенова.
Г. ДосымшаловаПосмотреть эту публикацию в Instagram