Жетісу облысында мотоцикл жүргізушісі баланы қағып өлтірді. Қайғылы оқиға 14 маусымда Ескелді ауданында болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ешкіөлмес ауылында 11 жастағы қызды спорттық мотоцикл қағып кетті. Кәмелетке толмаған қыз аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде есін жимай көз жұмды.
Жол-көлік оқиғасынан 38 жастағы мотоцикл жүргізушісінің өзі де қатты зардап шекті.
Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, ерекше бақылауға алынды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!