Жетісу облысында мектептен ноутбук ұрлаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Талдықорған полициясында мектептен ноутбук ұрланғаны туралы арыз тіркелді. Бірнеше сағат ішінде тәртіп сақшылары ұрланған кеңсе техникасын тауып, оқушыларға қайтарып берді.
Ұрлық жасады деген күдіктіні жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер бейнебақылау камералары арқылы анықтады.
"Ол 27 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Күдікті құрылыс бригадасымен бірге мектептегі жеке кабинеттерді жөндеу жұмыстарын жүргізген. Ноутбукті түнде шығарған. Қазір ноутбук заңды иелеріне, яғни оқушыларға қайтарылды", - деп хабарлады Талдықорған полициясы.
Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!