Жаркентте 5-сынып оқушысын тоқ соғып, қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға 9 шілдеде қыз оқитын мектеп аумағында болған. Мәлімет бойынша ол ойнап жүріп ашық тұрған қосалқы трансформатор станциясына кіріп кетіп, тоққа түсіп қалған. Қыз 10 шілдеде 10 жасқа толар еді.
Өңірдің Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Қазір "қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету" дерегі бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
"Уәкілетті мемлекеттік органдарға жазатайым оқиғаларға себеп болуы мүмкін заңбұзушылықтар мен кемшіліктерді жою туралы нұсқау жіберілді", - деді Жетісу облысы Полиция департаменті өкілі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова