Жетісу облысында мектеп асханаларының бірінде оқушылар самса ішінен тірі құрт тауып алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға 27 қыркүйекте белгілі болды. Әлеуметтік желілерде №2 Медеубай Құрманов атындағы Балпық би ауылындағы мектеп асханасынан түсірілген видео тарады. Онда самсаның ішінен тірі құрттардың көрініп тұрғаны байқалады. Куәгерлердің сөзінше, видеоны мектеп оқушылары түсірген.
Көксу ауданының білім бөлімі Instagram желісінде жарияланған видеоға қатысты мәлімдеме жасады.
"Қазір ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бақылау шараларын ұйымдастыру мақсатында аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына ресми хат жолданды. Тексеру нәтижелері бойынша мектеп асханасының жалға алушысына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті шара қолданылады. Қорытындысы қосымша хабарланатын болады", - деді Көксу ауданының білім беру бөлімінің басшысы Қуат Құзбаев.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!