Жетісу облысында лицензиясы болмаса да жұмыс істеп жүрген зертхана анықталды

Жетісу облысы прокурорларының актілері бойынша ветеринарлық-санитарлық сараптама зертханаларының қызметіндегі бұзушылықтар жойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Прокурорлық тексеру облыстағы зертханалардың тиісті лицензиясыз, құрал-жабдықтарсыз және химиялық реактивсіз жұмыс істегенін көрсетті.

Осы уақыт ішінде олар формалды түрде 8 мыңға жуық сараптама актісін шығарған.

Тексеру қорытындысы бойынша 5 зертхананың ветеринарлық-санитарлық сараптама жүргізу қызметі уақытша тоқтатылды.

Ветеринарлық станция басшылығы бастаған кінәлілер тәртіптік жауапкершілікке тартылса, зертхана директорлары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазіргі уақытта зертханалардың қызметі сәйкестендіріліп, жұмысы қайта жанданды.   

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!