Жетісу облысында Қызыл кітапқа енген қарақұйрықтарды заңсыз аулағандар сотталды

Жетісу облысында Қызыл кітапқа енген қарақұйрықтарды заңсыз аулағандар сотталды
Фото: depositphotos.com

Жетісуда орманшылар Қызыл кітапқа енген қарақұйрықтарды заңсыз аулағаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қаратал аудандық соты сирек кездесетін жануарларды заңсыз аулау ісі бойынша үкім шығарды.

"Былтыр қыркүйекте "Үштөбе орман шаруашылығы" КММ-нің үш қызметкері азаматпен бірлесіп, УАЗ қызметтік көлігін пайдаланып, орман шаруашылығы аймағында Қызыл кітапқа енген қарақұйрықтарды заңсыз аулағаны анықталды", - деп жазылған хабарламада.

Сот үкімі бойынша ұсталғандардың барлығы ҚР ҚК-нің 337-бабы (Заңсыз аңшылық) бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген.

Сотталушылар мемлекетке келтірілген 7 миллион теңгеге жуық залалды толық өтеген.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget