Жетісу облысында қылмысқа қатысы бар дәлелдерді ұрлаған полицей сотталды

Жетісу облысында қылмысқа қатысы бар дәлелдерді ұрлаған полицей сотталды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Полиция қызметкері заттай дәлелдемелерді ұрлағаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жетісу облысының арнайы прокурорлары Текелі қаласының учаскелік полиция инспекторына қатысты істі аяқтады.

2017 жылдың наурыз айында лауазымды тұлға бір топ адамдармен 24 миллион теңге көлеміндегі ұрлыққа қатысты қылмыстық іс аясындағы заттай дәлелдемелерді ұрлаған.

Қылмыс жасағаннан кейін полиция қызметкері 7 жыл бойы халықаралық іздеуде болды.

Оның сыбайластары әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сот полиция қызметкерін ҚР ҚК-нің 362-бабына сәйкес (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану) кінәлі деп тауып, 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.

Сот үкімі күшіне енді.  

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина