- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жетісу облысында құны...
Жетісу облысында құны 95 миллион теңге болатын жер телімдері мемлекетке қайтарылды
Жыл басынан бері Жетісу облысында құны 95 миллион теңге болатын 30 жер телімі мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
Ақсу ауданында жалпы ауданы 7 мың гектар игерілмеген және ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған жер учаскелері "Күреңбел" ЖШС-не тиесілі болған.
Сондай-ақ, Қаратал және Көксу өзендері арналарындағы 75 гектар жер анықталды. Жер қойнауы пайдаланушыларға заңсыз берілген. Онда жер қойнауын пайдаланушылар құм-қиыршық тас қоспасын заңсыз өндірумен айналысқан, ал су қорғау аймағында тау-кен өндіруге заң бойынша тыйым салынған.
Жыл басынан бері облыста құны 95 миллион теңге болатын 30 жер телімі мемлекетке қайтарылды.
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша сот қаулысымен кінәлі адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Аяз Есен
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!