- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жетісу облысында құны...
Жетісу облысында құны 170 миллион теңге болатын жер мемлекетке қайтарылды
Фото:
©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
Жетісу облысында құны 170 миллион теңге болатын жер мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жетісу облысының прокурорлары Панфилов ауданындағы жалпы ауданы 155 гектар болатын 114 жер учаскесін мемлекеттік жер қорына қайтарды.
Бұл жерлер ұзақ уақыт бойы игерілмеген және нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған. Учаскелердің кадастрлық құны 170 миллион теңгеден асады.
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша уәкілетті орган жер заңнамасын бұзғаны үшін жерді мемлекетке қайтарған.
Биыл мемлекетке барлығы 500 миллион теңгеден аса сомаға 53 мың гектар жер қайтарылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова